11 қыркүйек 2020 09:54

Литва Светлана Тихановскаяны Беларусь президенті деп таныды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

10 қыркүйекте Литва сеймі (парламент) Светлана Тихановскаяны Беларусь президенті деп танитын қарарды шығарды, - деп хабарлайды TUT.BY


10 қыркүйекте Литва сеймі (парламент) Светлана Тихановскаяны Беларусь президенті деп танитын қарарды шығарды, - деп хабарлайды TUT.BY

"Көршілес Беларусь еліндегі жағдайға байланысты сейм халықаралық қоғамдастықты Светлана Тихановскаяны және оның бастамасымен құрылған Үйлестіру кеңесінің талабын жаңа ашық және демократиялық парламенттік сайлау туралы беларусь халқының жалғыз заңды өкілдері ретінде қолдауға шақырды", - делінген құжатта. 

Литваның Заң шығарушы органы халықаралық қауымдастықтан Ресейдің Беларусьтің ісіне араласпауын сұрады. 

Сондай-ақ, қарарда Халықаралық қауымдастыққа беларусь халқы мен оның заңды өкілдеріне әртүрлі саяси, экономикалық, қаржылық және визалық жеңілдік пен басқа да көмек көрсету шаралары туралы ұсыныс жазылған.

Қарардың қабылдануына сеймнің 91 мүшесі дауыс берген. Оның ішінде, спикер Викторас Пранцкетис, сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс және барлық парламенттік фракция өкілдері бар.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети