11 қараша 2021 17:42

Лукашенко шекаралар жабылса ЕО-ға газ транзиті тоқтайтынын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Беларусь президенті Александр Лукашенко елге жаңа санкциялар мен шекараларды жабу қаупін төндірмес бұрын ойлануға кеңес берді және оған жауап ретінде Еуропаға газ транзитін тоқтатамын деп қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Беларусь президенті Александр Лукашенко елге жаңа санкциялар мен шекараларды жабу қаупін төндірмес бұрын ойлануға кеңес берді және оған жауап ретінде Еуропаға газ транзитін тоқтатамын деп қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Польша шекараны жабамыз деп қорқытады. Жабыңыз. Мәселе мұнда емес. Ал біз Беларусь арқылы транзит жолды жауып тастасақ ше? Ол Украина арқылы өтпейді: Ресей шекарасы ол жақта жабық. Прибалтика арқылы өтетін жолдар жоқ. Егер оны поляктар үшін және мысалы, немістер үшін жабатын болсақ, онда не болады? Егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді қорғай отырып, ештеңеге тоқтамауымыз керек", - деді Лукашенко министрлер кеңесінің басшылығымен кездесуде.

Президенттің сөздері Беларусь президентінің ресми сайтында жарияланған.

Лукашенко ел аумағы арқылы Ямал – Еуропа трансұлттық негізгі экспорттық газ құбыры өтетінін, кейінгі уақытта Ресейден Батысқа газ транзитінің көлемі айтарлықтай артқанын айтты.

"Еуропаны қыздырып жатырмыз, олар әлі де шекараны жабамыз деп қорқытады. Ал егер ол жерде көгілдір отынды өшірсек? Сондықтан мен поляк басшылығына, литвалықтарға және басқаларына да сөз сөйлер алдында ойлануға кеңес берер едім. Бірақ бұл олардың ісі. Сыртқы істер министрлігі Еуропадағылардың бәріне ескертуі керек. Қалай жауап беруге болады, біз алты ай бұрын келіскенбіз", - деді ол.

Айта кетейік, Польша мен Балтық жағалауы елдеріне кейінгі айларда Беларусьтен келген мигранттар ағыны байқалады. Бұған жауап ретінде Польша БҰҰ мен Еуроодақ соттарының Беларусь шекарасындағы мигранттарға көмектесу туралы үндеулеріне қарамастан, соңғы 30 жылда алғаш рет елмен шекараны қорғауды күшейтіп, төтенше жағдай енгізді. Қыркүйекте поляк билігі 418 шақырымдық қоршау салуға рұқсат берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети