15 мамыр 2023 09:04

Лукашенко сырқаттанып қалғаны хабарланды - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

ТМД істері жөніндегі Дума комитеті басшысының бірінші орынбасары Константин Затулин "Подъем" басылымына Беларусь президенті Александр Лукашенко сырқаттанып қалғанын, бірақ диагнозы қандай екенін айта алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алып бара жатқан ештеңе жоқ, ковид емес. Жай, адам ауырып қалған. Алайда ауырып қалғанына қарамастан Мәскеуге келіп, артынша сол күні кешке Минскіде шараға қатысты. Бәлкім, демалуы керек шығар, сол ғана", - дейді Затулин.

Лукашенконың баспасөз қызметі әзірге ешқандай ақпарат бермеді. Ал бейресми түрде баспасөз қызметі президент "құжаттармен жұмыс істеп жатқанын" айтады.

"Олардың жұмысы сол, солай айтуға міндетті. Расында, құжаттармен жұмыс істеп жатқан болуы да мүмкін", - дейді Затулин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети