22 желтоқсан 2021 10:39

Мадагаскар министрі тікұшақ апатынан аман қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

twitter.com/MDN_Madagascar twitter.com/MDN_Madagascar

Мадагаскар министрі Үнді мұхитындағы құтқару операциясы кезінде тікұшақ апатынан 12 сағат бойы жүзіп, аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.


Мадагаскар министрі Үнді мұхитындағы құтқару операциясы кезінде тікұшақ апатынан 12 сағат бойы жүзіп, аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Мадагаскар полициясын басқарған дивизиялық генерал Серж Желле тікұшақ құлағаннан кейін жарты күнін Үнді мұхитында өткізді. Ол тынымсыз жүзіп, 12 сағаттан кейін Махамбо қаласының жағалауына жеткен. Оны балықшылар тауып алған.

Оның жағалауға қалай жеткені белгісіз. Дегенмен Желле тікұшақ орындығын жүзу құралы ретінде қолданып, жағаға дейін 12 сағат жүзгені айтылды.

Бортында генерал болған іздеу тікұшағы 20 желтоқсанда түстен кейін 130 жолаушысы бар, оның ішінде 21 жолаушы қайтыс болған, 60-ы хабар-ошарсыз кеткен кеме батып кеткен жерге бара жатқанда, суға құлаған. Тікұшақ бортында төрт адам болған, Қорғаныс министрлігі барлығы хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады.

"Қазір өлетін уақытым емес", - деді 57 жастағы Желле жағаға шыққаннан кейін.

Кейінірек тікұшақ бортындағы механик табылды, бірақ екі жолаушы әлі хабар-ошарсыз. 

Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина Махамбо қаласына келген Желле мен екі офицерге құрмет көрсетті.

Тікұшақ апатының себебі белгісіз. Желле апаттан кейін Махамбода "19:30-дан таңғы 7:30-ға дейін" жүзгенін айтты. Әскери қызметкер 24 сағат ішінде қызметтік міндеттеріне оралуға дайынмын деді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети