23 шілде 2021 | 09:40

Макрон тыңшылық бағдарлама туралы хабардан кейін телефонын ауыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Франция президенті Эммануэль Макрон ұялы телефоны мен нөмірін өзгертті, - деп хабарлайды Deutsche Welle.


Иконка комментария блок соц сети

Франция президенті Эммануэль Макрон ұялы телефоны мен нөмірін өзгертті, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Бұған Pegasus тыңшылық бағдарламасына қатысты жанжал себеп болған. Бұл бағдарлама арқылы президентті аңдуы мүмкін екені анықталған. Бұл туралы Президенттің ресми өкілі хабарлады.

Айта кетейік, таяуда Forbidden Stories құқық қорғау ұйымы Франция президенті Эммануэль Макрон мен ел үкіметі мүшелерінің телефоны израильдік Pegasus электронды тыңшылық жүйесі арқылы тыңдалуы мүмкін екенін хабарлаған. Макронның телефон нөмірлерінің бірі осылай жасырын тыңдалғандар тізімінде болған.

"Оның бірнеше телефон нөмірі бар. Бірақ бұл оны біреу аңдыды дегенді білдірмейді. Бұл жай қосымша қауіпсіздік", - деді француз шенеунігі.

Макрон, сонымен қатар, киберқауіпсіздік мәселесі бойынша жедел жиналыс өткізіп, Pegasus тыңшылық бағдарламасын талқылаған. Осылайша, Франция үкіметі киберқауіпсіздік инфрақұрылымын нығайтып, қоғамдық ғимараттарын қорғау жолдарын іздеп жатыр.

Қауіпсіздік мақсатында Франция басшысына телефон нөмірін жиі ауыстырып отыруға кеңес берілген.

Еске салайық, бұған дейін әлем бойынша журналистер мен құқыққорғаушылардың смартфондарынан тыңшылық бағдарлама анықталғаны хабарланған еді. Бұл туралы бірнеше ай бойы жүргізілген "Pegasus жобасы" журналистік тексеру қорытындысында айтылған. Жобаға неміс бұқаралық ақпараттары қатысқан. Құрамына 16 редакция кірген (NDR, WDR, Süddeutsche Zeitung және Die Zeit басылымдары, сондай-ақ Amnesty International және Forbidden Stories құқық қорғау ұйымдары) журналистік консорциум қолына бірнеше елдің 50 мың телефон нөмірі бар тізімі түскен. Бұл нөмірлер бойынша тыңшылық жұмыс жүргізілген болуы мүмкін екені айтылады. 

Кей мәлімет бойынша, Pegasus телефондарында 2 мыңға жуық қазақстандық болған, қазір тізімде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, экс-премьер-министр, қазір Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, журналистер Серікжан Мәулетбай, Бигелді Ғабдуллин және құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина бар.

Кеше Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев Pegasus тыңшылық бағдарламасы туралы хабарламаға қатысты пікір білдірген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети