Малайзиялық ұшақ қалдықтары болуы мүмкін заттар табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малайзиялық ұшақ қалдықтары болуы мүмкін заттар табылды

Үнді мұхитынан Malaysian Airlines компаниясының жоғалған ұшағының қалдығы болуы мүмкін 120-дан астам нысан табылды, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үнді мұхитынан Malaysian Airlines компаниясының жоғалған ұшағының қалдығы болуы мүмкін 120-дан астам нысан табылды, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

Басылымның мәліметінше, бұл нысандарды француз спутниктері Австралияның Перт қаласынан шамамен 2,5 мың шақырымнан тапқан. Малайзия көлік министрі Хишамуддин Хусейннің айтуынша, объектілердің кейбірінің ұзындығы 20 метрден асады. Айта кетейік, бүгін, 26 наурызда АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің 12 ұшағы мен екі кемесі Boeing 777-200-ді іздестіруді жандандырды.

Еске салайық, бұған дейін Малайзия премьер-министрі Наджиб Разақ жоғалған ұшақтың Үнді мұхитына құлағанын мәлімдеген еді. Malaysia Airlines-тің жолаушылар лайнері 8 наурызға қараған түні Куала-Лумпурден Бейжің бағытына ұшқан болатын, оның бортында 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін бір сағаттан соң радардан көрінбей кеткен. Қазір тергеушілер ұшақты әлдекімдер қасақана апатқа ұшыратуы мүмкін деген нұсқаны қарастырып жатыр.




Подробнее:https://tengrinews.kz/asia/predpolagaemyie-oblomki-samoleta-Malaysian-Airlines-naydenyi-u-beregov-avstralii-252534/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети