Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Малайзия Қазақстаннан радар мәліметтерін алғысы келеді

16 Наурыз 2014, 21:04
0
Сурет france24.com сайтынан алынды
Сурет france24.com сайтынан алынды
Малайзияның көлік министрі Хисамуддин Хусейн Malaysia Airlines әуекомпаниясының жоғалған Boeing 777 ұшағын іздеуші мемлекеттер саны 25-ке жеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz сайты "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Куала-Лумпурде өткен баспасөз мәслихатында: "Іздеу операциясына қатысушылар саны 14-тен 25-ке жетті", деді ол.

Министр мүмкіндігінше іздеу аумағын кеңейте түсу керектігіне тоқталды. Оның айтуынша, малайзия билігі Қытай, Таиланд, Вьетнам, Қазақстан және Пәкістан мемлекеттерінен іздеу операциясына өз септігін тигізетін радар мәліметтері мен спутниктік түсірілімдерді сұрастырып жатыр.

Министр Малайзия билігі жоғалған ұшаққа қатысты аталған мемлекеттер тарапынан маңызды ақпараттар күтетінін де тілге тиек етті. Сондай-ақ, "Онсыз да күрделі операциямыз қиындап кетті" деді ол.

Бортында 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі болған ұшақпен байланыс 8 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 02.40 үзіліп қалған-ды. Ол кезде ұшақ Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде ұшып келе жатқан еді. Boeing 777 Куала-Лумпурдан Пекинге бет алған болатын.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай