28 шілде 2020 17:58

Малайзияның экс-премьері жемқорлық жасады деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS/ Lim Huey Teng REUTERS/ Lim Huey Teng

Малайзия соты елдің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакты ұлттық даму қорынан 10 миллионға жуық доллар жымқырды деген айыпқа кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Reuters


Малайзия соты елдің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакты ұлттық даму қорынан 10 миллионға жуық доллар жымқырды деген айыпқа кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Reuters

Агенттіктің хабарлауына қарағанда, экс-премьерге бірінші істе жеті эпизод бойынша айып тағылған. Оның ішінде биліктегі құзыретін пайдалану және ақша жымқыру бар. Күдікті кінәсін мойындамады және оның есепшотына ақшаның түсіп жатқаны туралы білмегенін айтты.

Разактың 1 Malaysia Development Berhad мемлекеттік қоры арқылы заңсыз жымқыруы - ұрлаған ақшасының ең кіші бөлігі екені аталып өткен. Прокурорлар елдің бұрынғы премьеріне қатысты есепшоттарда миллиард доллардан астам қаржы барын айтты.

Малайзия билігіндегілер мемлекеттік қордан 4,5 миллиард доллар ұрланғанын мәлімдеді. Бес сот процесінің аясында үкіметтің бұрынғы басшысына қатысты жемқорлық фактілері бойынша 42 айып тағылып отыр.

1MDB қоры Наджиб Разактың төрағалығымен 2009 жылы құрылған. Қор ақшасы тұрмысы төмен отбасылар мен Малайзияның инвестициялық жобаларына арналған. Разак 2009-2018 жылдар аралығында премьер болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети