14 наурыз 2014 10:18

Малайзияның жоғалған ұшағынан әлсіз дабыл қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Байланыс спутниктері Malaysia Airlines компаниясының жоғалған ұшағынан әлсіз электронды дабылды қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz шетел ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Reuters таратқан мәлімет бойынша дабылдың өте әлсіз болғаны соншалық, ұшақтың орналасқан жері мен оның жағдайын анықтау мүмкін емес. Ал америкалық тергеушілер мұның алдында Boeing ұшуды радар экрандарынан жоғалған кезде емес, одан төрт сағаттан кейін тоқтатуы мүмкін деген жорамал жасады. Мамандардың бұл тұспалына техникалық мәліметтер негіз болды. The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, лайнерге орнатылған әуе двигательдері турбиналардың жай-күйі, ұшақ қозғалысының жылдамдығы, ұшу биіктігі туралы автоматты режимде есеп беріп тұрған. Егер бұл нұсқа расталса, Boeing-ті іздеу аумағы кеңейтіледі: Америкалық тергеушілер ұшақты әлдекімдер белгісіз бағытқа айдап әкетуі мүмкін деген топшылау да жасап отыр. Мұны пилот немесе басқа біреу радиолокация таратқышын сөндіріп қойып жасауы мүмкін. Agence France-Presse агенттігі жоғалған ұшақтан әлсіз дабыл жеткеннен кейін Үнді мұхитына АҚШ Әскери-теңіз күштерінің әскери кемесі аттанғанын хабарлады. Сонымен бірге, "Посейдон" патруль ұшағы да жіберілді. Еске салайық, бортында 239 адамы бар Boeing 777-200 жолаушылар ұшағы 8 наурызға қараған түні Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшқан болатын. Бір сағаттан соң ұшақтан байланыс үзіледі. Әуе көлігін іздеуге 10 мемлекеттен 50 кеме мен ұшақ атсалысып жатыр. Бір апта өтсе де, лайнер не оның қалдықтары әлі табылар емес. Бұл оқиға авиация тарихындағы теңдесі жоқ жұмбақ атанып үлгерді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети