20 қараша 2015 21:47

Малидегі қонақүйде кепілге алынған адам түсірген видео жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мали астанасындағы Radisson Hotel Bamako қонақүйінде кепілге алынған адамның видеосы Желіде жария болды. Видеожазбаны "Синхуа" агенттігі жария етті. 


Мали астанасындағы Radisson Hotel Bamako қонақүйінде кепілге алынған адамның видеосы Желіде жария болды. Видеожазбаны "Синхуа" агенттігі жария етті. 

Кепілге алынған адамның ұялы телефонына түсірген видеосында қарулы адамдардың қонақүй маңында жүргенін көруге болады, олардың жартысы ғимаратқа кіріп кетеді. Агенттіктің мәліметінше, кепілге алынғандардың арасында Қытайдың кем дегенде жеті азаматы бар. 

Еске салайық, 20 қарашада он содыр Radisson Hotel Bamako қонақүйіне басып кіріп, 170 адамды кепілге алған. Алдын ала мәлімет бойынша, кепілге алынғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Қонақүйге арнайы операция жасалмай тұрғанда кепілге алынғандардың жартысы жіберілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Нақтырақ айтқанда, Түркияның бес азаматы, Turkish Airlines әуе тасымалдаушысының қызметкерлері босатылған. Құқық қорғау органдары тағы да 80 адамды босатқан. Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейта Чадтағы іссапарын шұғыл тоқтатып, ел астанасына оралды. Франция жергілікті арнайы қызметке көмектесу үшін Бамакоға жандармерияның 50 қызметкерін жіберіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети