Сириядан қашып, Мәскеудегі Шереметьево әуежайының транзит аймағында тұрып жатқан Гүлстанның әпкесі Путин мен Лавровқа өтініш хатын жазды, - деп хабарлайды Ura.ru басылымы.
Сириядан қашып, Мәскеудегі Шереметьево әуежайының транзит аймағында тұрып жатқан Гүлстанның әпкесі Путин мен Лавровқа өтініш хатын жазды, - деп хабарлайды Ura.ru басылымы.
Басылымның мәліметінше, Самара тұрғыны Тамара Османова әпкесін қорғау туралы петицияға қол жинап жатыр. Ол Change.org порталына әпкесінің жолдасымен және төрт баласымен бірге әуежайда тұрып жатқанына 40 күннен асқанын жазды.
Айта кетейік, петицияға 19 сағаттың ішінде 13 мың адам қол қойды. "Әпкемді Шереметьеводан босатыңдар" деп аталатын құжат Ресейдің федералдық көші-қон қызметінде және РФ үкіметінде қаралады деп күтіліп отыр.
"Сириядағы соғыс әрекеттеріне қатысып жатқан елдің сириялық босқындарға көмек көрсете алмайтыны қалай? Өз еліндегі бомбалардан қорғанған адамдарға қалайша қатыгездік танытуға болады?", - деп жазды Тамара Османова. - Владимир Путин мен сыртқы істер министрі Сергей Лавров сириялық халыққа көмек көрсету керек деп үнемі мәлімдейді. Онда неге Гүлстан мен оның отбасына ешкім назар аудармайды?", - деп сұрады ол.
Оның сөздеріне қарағанда, отбасы жуына да алмай отыр, себебі олар әуежайдың терминалында тұрады.
"Мен көп нәрсе сұрап отырған жоқпын, Гүлстан мен оның отбасының қауіпсіздікте болғанын қалаймын - сондықтан уақытша болса да оларға Ресейден баспананың берілуін өтініп сұраймын", - деп жазды Османова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан тумасының отбасымен бірге Сириядан қашып, Мәскеу әуежайында тұрып жатқаны хабарланған болатын.