22 қазан 2015 20:49

Қазақстан тумасы отбасымен бірге Сириядан қашып, Мәскеу әуежайында тұрып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© currenttime.tv © currenttime.tv

Сириядан қашқан босқын отбасы бір жарым айдан бері Мәскеудегі Шереметьево әуежайының транзит аймағында тұрып жатыр, олар Ресей территориясына кіре алмайды. "Справедливая Россия" партиясының атынан шыққан Мемлекеттік думаның вице-спикері Николай Левичев федералдық көші-қон қызметіне бұл отбасын Ресей федерациясына қоныстандыру туралы өтініш жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Өтінішінде Левичев Сириядан қашқан күрдтер отбасының "Шереметьево" әуежайының транзит аймағында бір жарым айдан аса уақыт тұрып жатқанын және олардың аты-жөндерін хабарлайды: Хасан Абдо Ахмед, оның әйелі Гүлстан және олардың төрт баласы. Босқындар Самараға бағыт алған, онда Қазақстан тумасы Гүлстан Ахмедтің жанұясы тұрып жатыр.   

© "Новая газета"

"Федералдық көші-қон қызметінің және Ресей ФҚҚ шекара қызметінің қызметкерлері олардың куәліктерін қолдан жасалған деп есептеп, кіруге және РФ территориясында уақытша паналауға тыйым салды", - деп жазады парламентарий.

Оның хабарына қарағанда, жанұя жағдайы нашар жерде, бұған дейін шылым шегу орны ретінде пайдаланылған жерде тұрып жатыр екен. Отбасының мүшелері Сирия және Ирак елдерінің азаматтығын алған, Сириядан шығып кету туралы құжатты жанұя Сириядағы Хама қаласының ішкі істер органдарынан алыпты. 

© "Новая газета"

Босқындар Шереметьеводағы кеден бақылауынан өту кезінде пана сұрайтынын мәлімдеген. "Алайда РФ ФҚҚ кеден қызметінің қызметкерлері оларды РФ-ның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпекші болды деп айыптап, екі аптаға уақытша изоляторға қамап қойған, қылмыстық іс те қозғалыпты. Қылмыстық іс қаралғаннан кейін судья кепілдік тағайындап, оларды қайтадан әуежайдың транзит аймағына жіберген, ал 2015 жылдың 14 қазанында Ресейдің федералдық көші-қон қызметі оларға босқын мәртебесін беруге қарсы болды", - делінген өтініште.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети