Мәскеу Финляндияның НАТО құрамына шұғыл қосылу өтінішіне пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу Финляндияның НАТО құрамына шұғыл қосылу өтінішіне пікір білдірді © Reuters

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Финляндия биілігінің НАТО құрамына кіру туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Финляндия биілігінің НАТО құрамына кіру туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресей осыған байланысты оның ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіптерді тоқтату үшін әскери-техникалық және басқа да сипаттағы қарсы шаралар қабылдауға мәжбүр болады", - делінген ведомство хабарламасында. 

Ресей СІМ Финляндияның НАТО-ға кіруі осы елдің халықаралық-құқықтық міндеттемелерін, ең алдымен 1947 жылғы Париж бейбітшілік келісімін тікелей бұзады, бұл тараптардың одақтар жасамауға немесе олардың біріне қарсы бағытталған коалицияларға қатысуға деген міндеттемесін қарастырады.

"Мүше елдер фин тарапын альянсқа мүшеліктің баламасыздығына сенімді түрде сендірген НАТО-ның мақсаты айқын - Ресей шекараларына кеңейтуді жалғастыру, біздің елімізге әскери қауіп-қатер үшін тағы бір қаптал құру. Бірақ Финляндия неге өз аумағын Ресей Федерациясымен әскери қарама-қайшылықтың шекарасына айналдырып, өз шешімдерін қабылдауда тәуелсіздіктен айырылып, тарих шешеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Финляндияның НАТО-ға қосылуы Ресейге қауіп төндіретінін айтты. Ол Финляндия НАТО-ға кіргеннен кейін Ресей қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет шараларды әзірлеу үшін арнайы талдау жүргізетінін атап өтті.

"Бәрі НАТО-ның одан әрі кеңейту процесінің қалай көрінетініне, әскери инфрақұрылымның қаншалық қозғалатынына, біздің шекараларымызға жақындауына байланысты болады", - дейді Песков. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети