13 ақпан 2018 13:13

Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған ұшақта ОҚО тумасы болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Панченко © otyrar.kz Сергей Панченко © otyrar.kz

Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған ұшақ бортында Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы болған, - деп хабарлайды otyrar.kz


Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған ұшақ бортында Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы болған, - деп хабарлайды otyrar.kz

Сергей Панченко Ресей Федерациясының Норильск қаласының Даму агенттігін басқарған. Норильсктің қалалық кеңесінің депутаты болған. 

Сергей Панченко 1973 жылы 28 наурызда Шымкент облысының Ақсу ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Омбы мемлекеттік технологиялық университетті "Инженер-технолог" мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2009 жылы Мәскеудегі "Высшая школа экономики" Ұлттық зерттеу университетін бітіріп, "Жалпы және стратегиялық менеджмент" мамандығын алған.  

Еңбек жолын 1996 жылы Норильскте бастап, түрлі қызметтер атқарған. 2017 жылдан бері "Агентство развития Норильска" Коммерциялық емес автоном ұйымын басқарған еді. Артында әйелі мен екі баласы қалды. 

Еске салайық, 11 ақпанда Ан-148 ұшағы сағат 14.21-де Домодедово әуежайынан ұшып шыққан, алайда, 7 минуттан кейін, яғни 14.28-де күтпеген жерден радарлардың экранынан жоғалып кетті. 

Жоғалып кеткен Ан-148 ұшағының бортында 65 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған. Қылмыстық іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети