27 қараша 2014 16:05

Мәскеу түбінен Донбассқа гуманитарлық жүк жөнелтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Шыны, жабын материалдары мен азық-түлік тиелген гуманитарлық жүк Мәскеу түбіндегі Ногинскіден Донбассқа жөнелтілді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Шыны, жабын материалдары мен азық-түлік тиелген гуманитарлық жүк Мәскеу түбіндегі Ногинскіден Донбассқа жөнелтілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Коллонна Ростов облысына қарай бет алды. "Бүгін таңертең шыны, жабындық материалдары, сонымен қатар азық-түлік, оның ішінде қант пен Донбасс тұрғындарына қосынды тағам тиелген 60 жүк көлігі Мәскеу түбіндегі Ногинскіден Ростов облысына қарай аттанды", -деп хабарлайды РФ ТЖМ дағдарыс кезінде БАҚ-пен жұмыс ұлттық орталығы басшысының орынбасары Олег Воронов. Оның мәлімдеуінше, Ногинскіден шыққан гуманитарлық жүк Ростов облысына жөнелтіліп, ол жерде Донбассқа дейін баратын жалпы колонна жасақталады. 

Айта кетейік, бұған дейін Украинаның оңтүстік-шығысына Ресейден мың тонна гуманитарлық жүк тасымалданды. Тамыз айының соңынан бері Ресейден Украинаның оңтүстік-шығысына барлығы сегіз мың тонна гуманитарлық жүк жеткізілді. Оның ішінде азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, жанармай мен басқа да қажетті заттар бар. Ең бірінші жіберілген гуманитарлы жүктің аясында жанжал туындады. Киев бұл әрекетті арандатушылық, "ресейлік басып кірушілерден" назарымызды өздеріне аударту үшін жасаған пиар-акция деп есептеді. Кейіннен жөнелтілген тауарлардың гуманитарлық көмек екені расталды. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети