Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Мәскеуде 4 жасар қыздың басын кесіп алған әйелге қатысты жаңа деректер белгілі болды

02 Наурыз 2016, 15:59
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Мәскеуде 4 жасар қыздың басын кесіп алған әйелмен бірге тұрған ер адам оған экстремистік тұрғыда ықпал еткен, - деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

"Біздің мәліметімізше, Бобокулова Ресейге келгеннен кейін Тәжікстан азаматымен бірге тұрған, ол әйелге ислам экстремизмі идеяларын насихаттаған", - деді құқық қорғау органдарының өкілі. Сонымен қатар, ол Гүлчехра Бобокулованың Өзбекстанға соңғы рет келген кезінде күйзелісте болғанын айтты.

Бұған дейін баланың басын кесіп алған әйелдің қылмысқа арандатушылықтан барғаны хабарланған еді. "Қазіргі уақытта қылмысқа айдап салғандар бостандықта жүр, олар іздестіріліп жатыр", - деді адамдардың аты-жөнін нақтыламаған Тергеу комитетінің өкілі.

Еске салайық, 29 ақпанда 38 жастағы өзбек әйел Гүлчехра Бобокулова"Октябрьское поле" метро станциясының алдында ұсталған еді, әйелдің қолында қыздың кесілген басы болған, әйел өзін жарып жіберетінін айтқан. Народное Ополчение көшесінде орналасқан пәтерде бала бағушы өзі бағып отырған 4 жасар қызды аса қатыгездікпен өлтірген, кейін оқиға орнын өртеп, өзі қашып кеткен. Осыдан кейін ол метро станциясының алдына келіп, тұрған. Осы сәтте полицейлер оған жақындағанда әйел сөмкесінің ішінен бүлдіршіннің кесілген басын шығарып көрсетіп, өзін жарып жіберетінін айтқан. Ол ұсталған. Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай