Мәскеуде Құрбан айт қарсаңында Еуропадағы ең үлкен мешіт ашылады, - деп хабарлайды Рravda.ru.
Мәскеуде Құрбан айт қарсаңында Еуропадағы ең үлкен мешіт ашылады, - деп хабарлайды Рravda.ru.
Порталдың мәліметінше, мешіт 23 қыркүйекте ашылады. Салтанатты шараға Ресей президенті Владимир Путин мен халықаралық дәрежедегі ислам діни көшбасшылары қатысады.
"Мешіттің ашылуына ислам негізгі және басым дін болып табылатын елдердің саяси жетекшілері қатысуы мүмкін. Ресейге Сауд Арабиясының королі, Катардың, Кувейттің, Түркияның, Палестинаның, Иорданияның басшылары мен Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Иран және өзге де елдердің президенттері шақыртылды", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, Собор мешітінің ашылуы Ресейдегі мұсылмандар үшін ғана емес, бүкіл әлемдегі ислам дінін ұстанушылар үшін атаулы шара болмақ.