13 қыркүйек 2019 09:54

Мәскеуде оқушы рэп-концерттен кейін қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Мәскеуде рэпер ConVolk-тың концертінен кейін 17 жастағы оқушының денесі табылды, - деп хабарлайды "Московский комсомолец" газеті.


Мәскеуде рэпер ConVolk-тың концертінен кейін 17 жастағы оқушының денесі табылды, - деп хабарлайды "Московский комсомолец" газеті.

Таңғы 9:40-та коммуналдық қызметтің жұмысшысы көшені тазалап жүріп, 11-сынып оқушысының денесін тауып алған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайтыс болған жасөспірімнің жақын жердегі мектепке баратын жергілікті тұрғын екенін анықтаған.

Оқиғадан бір күн бұрын 17 жастағы оқушы досымен бірге рэпер ConVolk-тың концертіне барған. Оқушының ата-анасы ұлының үйге 23:30-да келгенін айтады. Кейін әкесімен сөйлесіп, өз бөлмесіне кеткен екен. Жасөспірімнің туыстары оның үйге қонған-қонбағанын нақты білмейді. 

Ертеңіне таңда оқушының әкесі оятқышты естіп, бөлмеге кіргенде баласын таппаған. Ұлының қайда екенін оған жедел топтың қызметкерлері хабарлаған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети