12 желтоқсан 2018 10:59

Мәскеуде онкологиялық ауруға шалдыққан балалары бар отбасыны көршілері қуып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Москва 24" телеарнасындағы кадрдан үзінді
 © "Москва 24" телеарнасындағы кадрдан үзінді

Мәскеуде онкологиялық аурумен ауыратын балалары бар отбасы көршілерінің шабуылына шыдай алмай, үйлерінен кетіп қалған, - деп хабарлайды "Москва 24".


Мәскеуде онкологиялық аурумен ауыратын балалары бар отбасы көршілерінің шабуылына шыдай алмай, үйлерінен кетіп қалған, - деп хабарлайды "Москва 24".

9 желтоқсанда Мәскеудің оңтүстік батысындағы көпқабатты үйдің тұрғыны қайырымдылық қоры жалға алған үйде тұратын онкологиялық ауруға шалдыққан балалары бар отбасына қарсы тұрғындардан қол жинаған. Елена Аллина Роспотребнадзорға петиция жіберіп, обыр ауруы жұқпалы аурулар қатарында екенін, және оны жұқтырып алу мүмкіндігі барын айтқан. Әйел адам отбасына пәтерде тоғызыншы қабаттан емес, бірінші қабаттан жалдап тұруын сұраған. 

Пәтер иесі Светлана Путинцева өзінен жалға алушыларды қорғап сөйледі. Сол үйде тұратын әрі үлкені ретінде сайланған адаммен кездескен, алайда бейбіт келісімге келмеген. 

Аллинаның петициясы 5 парақтан тұрады және 40 шақты қол жиналған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үйдің үлкені петицияға мәжбүрлеп қол қойғызып, кейде алдап қойғызған. 

Өз кезегінде мамандар обыр ауруының ауамен мүлде тарамайтынын алға тартты. Мұны бірнеше зертханалық инститтар растады. 

Балалардың құқығын қорғау қызметінің өкілі Анна Кузнецова тұрғындардың бастамасын қатаң айыптады. Осы мәселе айтылғанда өз көзіне өзі сенбенгенін айтқан. Бас прокуратура онкологиялық аурумен ауыратын балаларға деген дискриминацияны байқаған. Осы дерекке қатысты қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеушілер мән жайды анықтап, процессуалдық шешім шығарады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети