29 қаңтар 2021 09:05

Мәскеудегі митинг кезінде полицейлермен төбелескен жігіт 2 айға қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей билігі заңсыз деген митингіде сараздармен төбелескен 21 жастағы шешен жігіті Сайд-Мухаммед Джумаев екі айға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mash Telegram-каналына сілтеме жасап.


Ресей билігі заңсыз деген митингіде сараздармен төбелескен 21 жастағы шешен жігіті Сайд-Мухаммед Джумаев екі айға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mash Telegram-каналына сілтеме жасап.

"Наразылық акцияларында полициямен төбелескен Сайд-Мухаммад Джумаев екі айға қамауға алынды. Бұған дейін ол Псков облысында ұсталып, Мәскеуге жеткізілді. Ол қызметкерлерге шабуыл жасағанын мойындады. Джумаев жасақтың екі сарбазын ұрды деп айыпталды, сот оны Қылмыстық кодекстің 318-бабы "Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану" бойынша қамауға алды", - делінген хабарламада

Джумаев 23 қаңтарда Мәскеуде сарбаздармен төбелескен. Оның тәртіп сақшыларына соққы жасағаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан құқық қорғау органдарының өкілдері онырезеңке таяқпен ұрып құлатқанда митингіге келгендер соққыдан қорғап, көмектескенін көруге болады.

Кейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың кеңесшісі Джумаевты оппозициялық көзқарастан бас тартуға шақырды және сонда Қадыров оған заңға қатысты мәселелерді шешуге көмектесемін деп уәде берді.

Сондай-ақ, Сайд Джумаевты Рамзан Қадыровтың адамдары іздеп жатқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети