Ресей билігі заңсыз деген митингіде сарбаздармен төбелескен 21 жастағы шешен жігіті Сайд-Мухаммед Джумаев "Мәскеу комсомолының" өкілімен әңгімесінде өзінің әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресей билігі заңсыз деген митингіде сарбаздармен төбелескен 21 жастағы шешен жігіті Сайд-Мухаммед Джумаев "Мәскеу комсомолының" өкілімен әңгімесінде өзінің әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазір шешен жігіті Мәскеудегі Петровка уақытша ұстау изоляторында. Көп ұзамай ол "Бутыркаға" жіберілуі мүмкін.
Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану туралы бап бойынша қамауға алынған жігіттің айтуынша, оның біреуді жаралау мақсаты болмаған. "Бұлай боларын білгем жоқ. Мен ол жерде адамдарға деген әділетсіз қарым-қатынасты көргеннен кейін, айқайлай бастадым, содан кейін төбелесіп кеттім. Кінәмы ішінара мойындадым, өйткені ол кезде бәрі басқаша болып көрінді", - деді Джумаев.
Оқиға кезінде оның "ыстық қаны" роль ойнады ма деген сұраққа сотталушы: "Әкем - шешен, анам - ингуш. Жарылғыш қоспа".
Айтуынша, оның қылығына айналадағы адамдардың әрекеті әсер еткен болуы мүмкін. "Негізі, мен төбелескіш емеспін, бірақ жекпе-жек өнерімен аздап айналысқанмын. Өмірімде шабуыл жасаған кездер болған емес", - деді ол.
Джумаев музыка жазатынын және ММУ-дың Шет тілдері және аймақтану факультетінің екінші курсында оқитынын айтты. "Оқудан шығарып жіберейді деген үміттенемін. Анам үшін өте алаңдаймын. Қызыммен уақытша айырылыстық", - деді ол.
Ал Шешенстан Парламентінің спикері Магомед Даудов Джумаевтың мінез-құлқын бала кезіндегі психикалық жарақатымен түсіндірді.
"Ата-анасы ажырасқаннан кейін, ол анасымен бірге өзге елде өсті, бұл баланың толық қалыптасуына теріс әсер етеді. Әкесінің алыста тұруы, әке жағынан туыстары оған жеткілікті деңгейде көңіл бөле алмауы және республикамыздағы қайта құрулардан шеттетілуі оның жеке қалыптасуында теріс роль атқарды", - деп жазды Даудов Instagram-дағы парақшасында жігіттің туыстарымен сөйлескеннен кейін.
Жігіттің туыстарының бірі Саид-Мухаммед Джумаев Мәскеуде туып-өскенін, әкесі басқа отбасымен Калининградта тұратынын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Даудов Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Джумаевтың "тағдырын жеңілдету" үшін "барлық шара қабылдағанын" атап өтті. Оның айтуынша, олар жігітпен байланысуға және оның заң бұзғанын түсіндіруге тырысқан, бірақ ол "басқа жол таңдап, ұсталып отыр және "ауыр қылмыстық іс" арқалады.
Парламент спикері Джумаевтың "авантюризмге" қатысы жоқ деген үмітін білдіріп, "Навальныйдың идеологиясы бүкіл Кавказ үшін жау" екенін жазады".
Еске салайық, бұған дейін Мәскеудегі митинг кезінде полицейлермен төбелескен жігіт 2 айға қамалғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!