Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі саммит аясында Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен жеке кездесуді жоспарламаған, - деп хабарлайды РБК. Ресей басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізеді. Бұл туралы журналистерге Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады. Қазақстан мен Ресей басшылары екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді, соның ішінде, Украинадағы ахуалды талқылайды.

Сонымен бірге Путин Украина ахуалы бойынша Украина президенті Петр Порошенкомен, Германия канцлері Ангела Меркельмен, Франция президенті Франсуа Олландпен телефон арқылы сөйлеседі. Минск келісімдерінің орындалуы мен Украина жөніндегі байланыс топтарының кездесуін өткізу мүмкіндігі талқыланады. Кремльде Беларусь, Қазақстан, Армения мен Қырғызстан президенттерінің қатысуымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің саммиті де өтеді. Тараптар ЕАЭО-ға Арменияның қосылуы жөніндегі рәсімдердің аяқталуын жария етеді, сондай-ақ одаққа Қырғызстанның мүше болуы туралы шартқа да қол қойылып қалуы мүмкін.
Айта кетейік, Александр Лукашенко жуырда Киевте болған еді. Украин әріптесімен кездесуде ол Петр Порошенконың кез келген өтінішін бір тәулік ішінде орындауға уәде берді. Киевке барар алдында ол Мәскеудің атына бірнеше сыни мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, Лукашенко Путиннің белорус етін жеткізуге тыйым салу туралы шешімін сынға алды.
Киевтегі жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті де Петр Порошенкомен келіссөз жүргізген болатын. Назарбаев өз әріптесіне украин дағдарысынан шығудың жолдарын бірлесіп ойластыруды ұсынды. Сонымен бірге екі ел әскери-техникалық салада ынтымақтастықты жандандыруға келісті. Мәскеуге келгеннен кейін Мемлекет басшысы мен Ресей президенті Владимир Путин кешкі кездесу өткізді, оның барысында Назарбаев серіктесіне кейінірек Киевтегі кездесулердің қорытындысы туралы әңгімеп беруге уәде етті. Путин екіжақты жоспарлар мен интеграция процестерін одан әрі тереңдету туралы сөйлесуге ниетті екенін айтты.