22 желтоқсан 2014 23:05

Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кремль. ©bestmaps.ru Кремль. ©bestmaps.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына келді. Сапар аясында Мемлекет басшысының РФ Президенті Владимир Путинмен кездесуі де жоспарланған", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге Киевтен соң бірден барған болатын. Украина астанасында ол президент Петр Порошенкомен кездесіп, оған елдегі дағдарысты шешудің жолдарын бірлесіп ойластыруды ұсынды, сондай-ақ Қазақстан Президенті Украинамен арадағы бұрын төрт миллиард доллар болып, кейін үштен бірге құлдыраған тауар айналымының қалыпқа келетініне үміт білдірді. Екі елдің басшылары әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Киевтегі жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Украина премьер-министрі Арсений Яценюкпен де кездесіп, онымен бірге Қазақстан мен Украина қарым-қатынастарының ахуалы мен болашағын және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

23 желтоқсанда Ресей астанасында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттері қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети