15 қазан 2019 11:23

Мексикада 14 полицейді өлтіріп кеткен

Мексиканың батыс бөлігіндегі Мичоакан штатында белгісіз біреулердің шабуылынан кемінде 14 полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елдің Қоғамдық қауіпсіздік министрлінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қоғамдық қауіпсіздік және азаматтарды қорғау министрлігі Мичоаканда 14 полицей қаза тапқан шабуылды айыптайды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

"Миленио" газетінің мәліметінше, қаруланған қылмыскерлер сот ордерімен Агилилья муниципалитетіне келген құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Үш полицей жарақат алған, олар ауыр халде ауруханада жатыр, қалғандарының тағдыры белгісіз. 

Жыл басынан бері Мексикада қылмыскерлер қолынан 23,7 мың адам қаза тапты. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,5 пайызға көп. Бұл өлімдерге есірткі мафияларды жауапты. 

Қыркүйектің басында Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор қылмыскерлермен күресті өзінің басты тапсырмасы екенін айтты. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram