Мексикада жойқын зілзаладан қаза тапқандардың саны 139-ға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикада жойқын зілзаладан қаза тапқандардың саны 139-ға жетті REUTERS/Carlos Jasso©

Мексикадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны көбейіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости елдің апат-құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнтеге сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны көбейіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости елдің апат-құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнтеге сілтеме жасап. 

Пуэнтенің мәліметінше, қаза тапқандардың саны 139-ға жеткен. 

Еске салайық, 19 қыркүйекте Мексикада магнитудасы 7,1 балл жер сілкінісі болған. Зілзаланың жер ошағы Пуэюда-де-Сарагоса қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 шақырымда және Тепеохума елді мекенінен сегіз шақырымда тіркелген. Жойқын сілкіністі Мехико тұрғындары да сезген.  

Мехиконың азаматтық қорғаныс министрі Фаусто Луго жер сілкінісінен кейін қираған және өртенген үйлер жайлы хабарлады, қиранды астында адамдар қалып қойған. Көптеген ауданда жол қозғалысы шектелген, ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Мехиконың Бенито Хуарес атындағы халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатты. Төрт миллионға жуық тұтынушы жарықсыз қалған.

Бұл осы айда болып отырған екінші жойқын жер сілкінісі екенін де айта кетейік. 7 қыркүйекте 8,2 балл болатын жер сілкінісі тіркеліп, оның салдарынан 200-ге тарта адам қаза тапқан еді.

Ал жергілікті тұрғындар апат салдарын суретке және видеоға түсіріп, жариялап жатыр.

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети