24 наурыз 2017 20:52

Мемлекеттік думаның бұрынғы депутатының өлтірілген сәті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

РБК-Украина басылымы Ресей Мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Денис Вороненковтың өлтірілген сәті түсірілген видеоны жариялады. Басылымның мәліметінше, видеоны тергеу органдарындағы дереккөздер жолдады.

Видеодағы кадрларда киллердің бұрынғы депутат пен оның күзетшісінің соңынан бара жатқаны көрінеді. Содан ол Вороненковқа оқ жаудырып, күзетшіге оқ тигізеді. Осы сәтте күзетшінің жарақаттанғанын пайдаланған киллер депутатқа қарай тағы бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан жасырынуға тырысады.

Еске сала кетейік, бұрынғы депутат Денис Вороненковқа 23 наурызда Киевтегі "Премьер-палас" мейманханасының маңында оқ атылған болатын. Украинаның ІІМ басшысының кеңесшісі Антон Геращенконың айтуынша, бұрынғы депутатты Украина азаматы Павел Паршов өлтірген. Ол осыған дейін Украинаның Ұлттық гвардиясына қызмет еткен екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети