21 сәуір 2020 14:56

Том мен Джерри туралы әйгілі мультфильмнің авторы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мультфильмнен үзінді Мультфильмнен үзінді

"Том и Джерри" және "Моряк Папай" мультфильмдерінің авторы Джин Дейч 95 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Сartoon Brew.


"Том и Джерри" және "Моряк Папай" мультфильмдерінің авторы Джин Дейч 95 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Сartoon Brew.

Басылымның мәліметінше, Дейч 17 сәуірге қараған түні өз пәтерінде қайтыс болған. Ол Прагада тұрған екен. Аниматордың өлімінің нақты себебі айтылмады. Отбасы мүшелері оның коронавирустан қайтыс болмағанын айтады.


Фото:facebook.com/gene.deitch.9

Айта кетейік, аниматордың "Манро" фильмі "Оскар" жүлдесінде үздік қысқаметраж фильм ретінде жүлде алған еді. Ал 2004 жылы Дейч анимацияға үлесін қосқаны үшін Winsor McCay Award жүлдесін алған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети