"Мені сатқын дейді". Жээнбеков Атамбаевпен қарым-қатынасы жайлы айтты

16 Қараша 2018, 13:56
0
"Мені сатқын дейді". Жээнбеков Атамбаевпен қарым-қатынасы жайлы айтты - © Tengrinews.kz фотоколлажы. Сурет gov.kg
© Tengrinews.kz фотоколлажы. Сурет gov.kg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 24.kg сайтына берген сұхбатында елдегі әлеуметтік демократиялық партияның төрағасы Алмазбек Атамбаев екеуінің арасындағы қарым-қатынас туралы пікір білдірді. 

Оның айтуынша, соңғы рет онымен 29 наурызда партияның кезекті съезі алдында кездескен екен. Екі күннен кейін Атамбаевтың тарапынан айыптаулар айтылған. 

"Инагурациядан кейін төрт ай өткенде менің бірінші президенттік жауапкершілік жұмысымның барысында 31 наурызда оның айтқандары мен үшін күтпеген жағдай болды. Ол мені сыбайлас жемқорлық бойынша айыптады және Бішкектегі ЖЭЦ апатына кәнілады. Жағдайдың бұлай өзгеріп сала бергеніне қатты таңғалдым. Мен онымен қоштасу туралы ешуақытта айтқан емеспін. Біз ұзақ жылдар бойы бір партияның намысын қорғадық", - дейді Қырғызстан президенті. 

Жээнбеков партияда ұзақ жылдар бойы сайлаушылар алдында оның беделін көтеру мақсатында жұмыс істегенін айтады. 

"Қайдағы жоқ бір адамдар арқылы мені қолынан іс келмейтін басшы ретінде көрсеткісі келеді. Бұл оған адам ретінде, экс-президент ретінде абырой бермейді. Оның мақсаты - мен үшін түсініксіз. Біз партияластармен бірге партияның нығаюына 20 жыл бойы атсалыстық. Әсіресе, Ош, Баткен, Жалал-Абадта. СДПК партиясының деңгейі нөл болғанда, біз Ошта ұяшықтар ашып, сайлаушылардың алдында абыройлы бола түстік. Ол "досум" және "партиялашым" деген сөздерді жиі айтады. Алайда нағыз достор мен партиялашта бұлай істемейді", - деді Жээнбеков.

Сонымен қатар, ол әрдайым Атамбаевпен бірге болғанын айтады. 

"Барлығы оның жанынан қашып кеткенде, өзінің, отбасымның қауіпсіздігіне зиян келгеніне қарамастан, мен оның қасынан бір елі де кетпедім. 2009 жылы СДПК кандидатының штабын басқардым. Ол кездері Атамбаевтың сөзін сөйлеуге ешкімнің рухы бармайтын. 2010 жылдары оңтүстіктегі жағдайлар болып жатқанда тек мансабым емес, өмірімді де қауіпке тіктім. Бұл осының барлығын жақсы біледі. Политехнологтардың жаңа сөзі - мені сатқын деу. Кімнің кім екенін уақыт көрсетеді", - деді Жээнбеков.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай