Ангела Меркель қызметінен кеткеннен кейін енді саясатпен айналысуға ниеті жоқ екенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Ангела Меркель қызметінен кеткеннен кейін енді саясатпен айналысуға ниеті жоқ екенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Басылымға берген сұхбатында Меркель канцлер қызметінен кеткеннен кейінгі жоспары - ұйқы мен оқу екенін айтты.
"Мен бұдан былай саясатқа араласпаймын. Саяси қақтығыстарды жоюға қатыспаймын. Мұнымен көп жыл бойы айналысып келемін, 16 жыл канцлер лауазымындамын", - деді Меркель басылымға берген сұхбатында.
Саясаткер бір-екі айдан кейін басқа жоспарлары болатынын, соны жүзеге асыратынын айтты.
"Мен көп жыл бойы алдыма қойылған күн тәртібімен жүрдім және әрқашан дайын болуым керек еді, егер бірдеңе болса, үкімет басшысы ретінде істеу керек жұмыстар бар. Оған дереу әрекет ету керек. Қазір өз қалауым бойынша не істейтінімді анықтағым келеді. Бірақ бұл бірнеше айдан кейін белгілі болады", - деді Меркель.
20 минуттық сұхбат барысында Меркель адал қызмет істегенін бірнеше рет атап, Франция президенті Эммануэль Макронды және басқа да көшбасшыларды сағынатынын айтты.
Айта кетейік, 27 қазанда Меркель ресми түрде Германия канцлері қызметін тоқтатты. Бұдан былай Меркель мен ГФР үкіметінің қалған мүшелері өз функциясын Германияда жаңа үкімет құрылғанға дейін атқарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!