27 қазан 2021 09:46

Меркель ресми түрде Германия канцлері қызметінен кетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ангела Меркельге Германия канцлері ретінде өкілеттілігі аяқталғаны туралы ресми хабарлама табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.


Ангела Меркельге Германия канцлері ретінде өкілеттілігі аяқталғаны туралы ресми хабарлама табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Құжатты Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер тапсырып, оған, Үкіметке алғыс айтты. Штайнмайер Меркель канцлер болған уақытты "Германия тарихындағы ұлы күндер" деп атады.

Енді Меркель және Германия үкіметінің қалған мүшелері жаңа үкімет құрылғанға дейін атқарушы ретінде өз қызметтерін орындайды.

©REUTERS

Германия Конституциясының 69-бабына сәйкес президент канцлерден немесе министрден келесі адам тағайындалғанға дейін қызметін жалғастыруды талап ете алады. Канцлер де, министр де бұдан бас тарта алмайды.

Жаңа канцлер Социал-демократиялық партияның жетекшісі Олаф Шольц болады деп болжанып отыр, оның партиясы 25,7 пайыз дауыс жинап, 26 қыркүйекте өткен бундестаг сайлауында жеңіске жеткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети