Мешіттегі атыстан кейін Жаңа Зеландия әйелдері мұсылмандарды қолдау үшін орамал тақты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Жаңа Зеландияның мұсылман әйелдері терактіден кейін үйлерінен шығуға қорқатындарын мойындаған. Оларды қорғау үшін жергілікті тұрғындар да орамал тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымының орыс нұсқасына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа Зеландияның мұсылман әйелдері терактіден кейін үйлерінен шығуға қорқатындарын мойындаған. Оларды қорғау үшін жергілікті тұрғындар да орамал тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымының орыс нұсқасына сілтеме жасап. 

Жаңа Зеландиядағы әйелдер 50 адам қаза болған мешіттегі атыстан кейін мұсылмандарды қолдау үшін орамал тақты. Мұсылман әйелдердің көбі үйден шығуға қорқатындарын мойындады. Елдің премьер-министрі Джасинда Ардерн мұсылман қауымы мүшелерімен кездесуге бірінші рет орамал тағып келді. 


REUTERS

"Неге мен бүгін орамал тақтым? Басты себеп - біреу қайтадан қаруын адамдарға тақайтын болса, мен басқалармен бірге сол адамның алдында тұрғым келеді және оның айырмашылық байқағанын қаламаймын. Өйткені айырмашылық мүлде жоқ", - деді Крайсчерч Белл Сайбли.


REUTERS

"Бүгін айтулы күн: шабуылдан кейін бір апта өтті. Міне, мұсылман әйелдермен ынтымақтастығымызды білдіре отырып, орамал киіп шықтық және оны мақтанышпен тағамыз деп айта аламын. Бұл әйелдерге қолдау көрсету белгісі болады деп үміттенемін. Бұл олардың біздің қоғам мүшесі екенін көрсетеді", - деді жергілікті тұрғын Родин Молони.

Жаңа Зеландияда лаңкестердің әрекетінен кейін жартылай автомат қаруға тыйым салынды.

Басылым ақпараты бойынша, 22 наурыз жұма күні ел тұрғындары қаза тапқандарды бір минут үнсіздік жариялап, еске алды.


REUTERS
Еске салсақ, 2019 жылы 15 наурызда Жаңа Зеландияда Крайстчерчтегі (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, соның салдарынан 50 адам қаза тапты, тағы 50-і түрлі жарақаттар алды. Елдің Премьер-министрі бұл оқиғаның теракт екенін айтты. 28 жастағы Брентон Таррант адам өлтіргені үшін айыпталып жатыр, сенбіде сот оны 5 сәуірге дейін абақтыға қамады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro