Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Михаил Саакашвилидің үстінен қылмыстық іс қозғалды

28 Шілде 2014, 18:10
0
Михаил Саакашвили. ©REUTERS
Михаил Саакашвили. ©REUTERS

Грузияда Михаил Саакашвилиге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Новости Грузии" елдің Бас прокуратурасына сілтеме жасап. Экс-президент бұған дейін прокуратураға шақыртылған еді.

Басылымның мәліметінше, Саакашвили 2007 жылы "Имеди" телекомпаниясының талқандалуы мен миллиардер Бадри Патаркацишвили мүлкінің тәркіленуіне қатысты іс бойынша жауап бермек. "Грузия Бас прокуратурасы Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылдады. Іс 2007 жылдың 7 қарашасында ереуілшілерді жаппай қууға, "Имеди" телекомпаниясын талқандауға және Аркадий (Бадри) Патаркацишвилиге тиесілі мүлікті қылмыстық жолмен тартып алуға қатысты", - делінген прокуратураның мәлімдемесінде.

Экс-президенттің анасы Гиули Аласанияға берілген шақыру қағазы бойынша Саакашвили прокуратураға 28 шілде күні жергілікті уақыт 11.00-де келуі тиіс болған. Бірақ ол жауап беруге келмеді. 

Саакашвили өткен жылы қараша айында елдің жаңа президентінің ұлықтау рәсімінен соң бірден елден кетіп қалған еді, содан кейін Грузияға оралған жоқ. Оның үстінен "Қызметтік өкілеттігін пайдаланып, зардап шегушінің жеке ар-намысын төменсіту" бабы бойынша тергеу жүргізіледі. Бұл бап сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай