15 шілде 2021 09:00

Миллиардер Ричард Брэнсонның компаниясы ғарышқа екі билет ойнатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Virgin Galactic Фото: Virgin Galactic

11 шілдеде миллиардер Ричард Брэнсонның бастамасымен ғарышқа сәтті ұшып келген Virgin Galactic компаниясы ғарышқа коммерциялық рейске екі билетті ұтысқа қойды, - деп хабарлайды РИА Новости


11 шілдеде миллиардер Ричард Брэнсонның бастамасымен ғарышқа сәтті ұшып келген Virgin Galactic компаниясы ғарышқа коммерциялық рейске екі билетті ұтысқа қойды, - деп хабарлайды РИА Новости

Рейс 2022 жылдың басына жоспарланған. Ұтыс ойынына қатысу үшін өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Жеңімпаз 29 қыркүйекте анықталады. 

"Жеңімпазға екі орын беріледі: біреуі өзіне, екіншісі өзі таңдайтын қонаққа", - делінген ұтыс ойынын компаниямен жүргізетін платформадағы сайтта.  

Компания өкілдерінің айтуынша, ұтыс ойынына қатысу тегін. Бірақ егер қатысушысы жеңу мүмкіндігін жоғарылатқысы келсе белгілі бір төлем жасауы керек. 

Ғарышқа ұшудан басқа, жеңімпаз Virgin Galactic компаниясының иесі Ричард Брэнсон жеке өзі өткізетін America ғарыш айлағы бойынша экскурсияға барады. Жеңімпазға шамамен 127,5 мың доллар төленеді деп жоспарланған.

"Ди Каприо мен Бибер орын брондап қойды". Миллиардер Брэнсон ғарышқа қалай ұшты?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети