25 мамыр 2022 08:56

Миллиардер Сорос Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Америкалық миллиардер Джордж Сорос Ресейдің Украинаға басып кіруі Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуына әкелуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Reuters.


Америкалық миллиардер Джордж Сорос Ресейдің Украинаға басып кіруі Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуына әкелуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Reuters.

"Ресейдің басып кіруі Үшінші дүниежүзілік соғыстың басы болуы мүмкін және біздің өркениет одан аман қалмауы ықтимал. Өркениетімізді сақтап қалудың ең жақсы және жалғыз жолы - Путинді мүмкіндігінше тезірек жеңу. Мәселе осында", - деді Сорос Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда.

Сондай-ақ, қаржыгер еуропалықтар газға келгенде Ресейге тәуелді болуына кінәні Германия экс-канцлері Ангела Меркельдің Мәскеумен жасаған "арнайы келісімдеріне" жүктеді.

"Еуропаның ресейлік қазба отындарына тәуелді болуы, негізінен, Меркель жүргізген саясатқа байланысты шектен тыс қалып отыр. Ол Ресеймен газ жеткізу бойынша арнайы келісімдер жасап, Қытайды Германияның ең ірі экспорттық нарығына айналдырды", - деп келтіреді Соростың сөзін Politico.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети