29 наурыз 2021 09:45

Мыңдаған адам тегін вакцина үшін Сербияға барып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Черногориядан, Солтүстік Македония Республикасынан, сондай-ақ Босния және Герцеговинадан мыңдаған адам Сербияға коронавирусқа қарсы тегін екпе салдыруға барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.


Черногориядан, Солтүстік Македония Республикасынан, сондай-ақ Босния және Герцеговинадан мыңдаған адам Сербияға коронавирусқа қарсы тегін екпе салдыруға барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін республика билігі шетелдіктерді 27-28 наурызда тегін вакцинациялауды ұсынған. Бастама қолдау тапты. Басылым мәліметіне сүйенсек, Сербия ресейлік "Спутник V" және қытайлық Sinopharm дозасын сатып алған. Елде Pfizer/BioNTech және AstraZeneca-ны да қолданады.

"Солтүстік Македонияда вакциналар жоқ. Вакцинация үшін осында келдік. Мұнда оны тезірек жасай алатынымызға ризамыз".

"Мен үшін бұл әлі де бір ел. Босния ма, Сербия ма маңызды емес. Қайда екпе салдырсам да бәрібір".

Солтүстік Македонияда Pfizer/BioNTech және "Спутник V" вакциналарымен шамамен бір ай бұрын екпе салу басталған. Препараттар жеткіліксіз. Жексенбіде екі миллион халқы бар мемлекет COVAX халықаралық механизмі аясында вакцинаның 24 мың дозасын алды.

"Вакцина дозасы бірнеше аптаға кешігіп келді. Үмітіміз орындалмады. Бірақ вакциналарға деген жаһандық сұранысты ескерсек, жүйенің жұмыс істейтіні қуантады", - деді Солтүстік Македония Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Венко Филипче.

Анкарадан санитарлық ұшақ Босния және Герцеговина астанасы Сараевоға ұшып келді. Бортта қытай компаниясы шығарған Sinovac вакцинациясының 30 мың дозасы бар. Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекетке көмек көрсетуге уәде берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети