Навальный Мәскеудегі тергеу изоляторына орналастырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Навальный Мәскеудегі тергеу изоляторына орналастырылды Фото ©REUTERS

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Мәскеудегі "Матросская тишина" тергеу изоляторына орналастырылды. Бұл туралы қоғамдық бақылау комиссиясының жауапты хатшысы Алексей Мельников айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Мәскеудегі "Матросская тишина" тергеу изоляторына орналастырылды. Бұл туралы қоғамдық бақылау комиссиясының жауапты хатшысы Алексей Мельников айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Дереккөз мәліметінше, 18 қаңтарда сот ресейлік оппозиционерді 30 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

"Алексей Навальный кешкі сағат тоғыздарда "Матросская Тишина" федералды тергеу изоляторына келді. Қазіргі уақытта Навальный карантин бөлімшесінің үш адамдық камерасында, ол онда жалғыз болады, себебі шетелден келген сотталушы 14 күн карантиннен өтуі керек", - деп жазды құқықорғаушы Telegram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, Мельников Навальныйдың тергеу изоляторында кешкі ас ішіп алғанын айтты. Оның айтуынша, изоляторда барлық қажет зат бар - шәйнек, тоңазытқыш, теледидар және ыстық су.

Путиннің баспасөз хатшысы Навальныйдың ұсталуына қатысты пікір білдірді
 

"Навальный мекеме қызметкерлері тарапынан қысым көрсетілмегенін айтты", - деді Алексей Мельников

Айта кетейік, Навальный тергеу изоляторында оның шартты мерзімі нақты мерзімге ауыстырылатынын шешетін отырысты күтеді. Ол 29 қаңтарда Мәскеудің Симоновский сотында өтеді жоспарланған.

Мұның алдында Навальный Германиядан оралғаннан кейін Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұсталғаны хабарланған еді. Ол онда уланғаннан кейін емделген болатын.

Осыдан кейін, қорғаушы тарап мәліметтері бойынша, ол Шереметьевоға жақын үлкен қала Химкидегі полиция бөліміне жеткізілген. FSIN мәліметтері бойынша, ол шартты түрде сотталған ретінде сынақ мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін ұсталыпты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети