18 қаңтар 2021 09:31

Путиннің баспасөз хатшысы Навальныйдың ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Песков. © РИА Новости Дмитрий Песков. © РИА Новости

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Шереметьево әуежайында оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Шереметьево әуежайында оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Подъем" басылымының журналистері Песковтан "Кремль Навальныйдың ұсталғанын біле ме?" деп сұрады.

"Кешірім сұраймын. Ол Германияда ұсталды ма? Мен білмейді екенмін", - деп жауап берді баспасөз хатшысы.

Песковтың айтуынша, жексенбі еңбек демалысының соңғы күні болғандықтан, ол соңғы жаңалықтарды білмеген.

Осыған дейін Ресейдің СІМ өкілі Мария Захарова да Навальныйдың ұсталуына қатысты пікір білдірген еді. Захарова Навальныйдың бостандыққа шығуын талап еткендерге елдегі басқа проблемалармен айналысуға кеңес берген болатын.

Еске салайық, мұның алдында Шереметьево әуежайында Навальныйды 100 полицей қарсы алатыны хабарланған болатын. Кейін паспорт бақылауында оның ұсталғаны айтылды. Әзірше оның қамауда болатыны және соттың оған қатысты бұлтарпау шарасын қабылдайтыны белгілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети