30 наурыз 2021 14:31

Навальный өз әрекеті үшін заң бойынша жауап береді - Кремль

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Владимир Путиннің өкілі Дмитрий Песков Алексей Навальный Ресей азаматы ретінде өз әрекеті үшін заң бойынша жауап береді деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.


Владимир Путиннің өкілі Дмитрий Песков Алексей Навальный Ресей азаматы ретінде өз әрекеті үшін заң бойынша жауап береді деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Ол - Ресей Федерациясының азаматы. Өз әрекеттері үшін заң бойынша жауап береді. Біз неге заңды қабылдаймыз, егер ол орындалмайтын болса?" - деді Песков.

Навальный бірінші рет "Кировлес" ісі бойынша 16 миллион рубльден аса қаржы жымқырды деп айыпталған болатын. Екінші рет "Ив Роше" ісі бойынша 30 миллион рубльден аса ұрлық жасады деп шартты мерзімге сотталды.

"Ив Роше" ісіндегі шартты мерзім сынақ мерзімінің бірнеше рет бұзылуына байланысты өзгертілді. Бұған дейін жазаны орындау федерал қызметі бұл шараны үш рет қолдады, бірақ сот қабылдаудан бас тартты. Нәтижесінде Навальный 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол түрмеде 1 жыл жазасын өтеді.

Айта кетейік, Навальный бұған дейін колонияда алты сөгіс алғанын және айып изоляторына ауыстырылуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Бұған дейін 20-дан аса ресейлік дәрігерлер Ресей Федерациясының Федерал жазалау қызметі мен "саяси басшылығына" ашық үндеу жариялады. Онда дәрігерлер Алексей Навальныйға медициналық көмек көрсетуді талап еткен. Олардың айтуынша, Навальныйдың денсаулығы нашарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети