30 қазан 2020 10:47

Навальный уланғаннан кейін алғаш рет тікелей эфирге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный "Новичокпен" уланғаннан кейін алғаш рет тікелей эфирге шықты, - деп хабарлайды DW.


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный "Новичокпен" уланғаннан кейін алғаш рет тікелей эфирге шықты, - деп хабарлайды DW.

Ол YouTube-тегі тікелей эфирге 29 қазанда Германиядан шықты.

"Менің міндетім - тезірек сауығып, Ресейге оралу. Бірақ мені екінші рет улаған жағдайда кем дегенде өмір сүруге қандай да бір мүмкіндігім болатындай қалпыма келуім керек. Себебі дәл қазір мен ондайға шыдай алмайтын шығармын", - деді Навальный. Оның айтуынша, дәрігерлер әлі күнге дейін оның толық қалпына келу мерзіміне болжам жасамайды.

Алексей Навальный Ресей президенті Владимир Путиннің Батыс елдері Мәскеуге биоматериалдар мен оның "Новичокпен" уланғанын растайтын ресми қорытынды қағаздарын бермей отыр деген сөзіне пікір білдірді.

"Ресейде ХҚТҰ-ға (Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы - ескерту) мүше ел ретінде барлық медициналық мәлімет пен дәлел бар. Омбыда менің қаным көп, ондағы медициналық құжаттарым толығымен Ресей билігінің қолында", - деді Навальный.

Еске салайық, Алексей Навальный 20 тамызда уланған. Ол Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқанда есінен танып қалған болатын. Ұшақ Омбыға шұғыл қонғаннан кейін оппозиционер ауруханаға жатқызылып, екі күннен кейін Берлинге емделуге жіберілді. Саясаткер жасанды комада 19 күн болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети