04 ақпан 2021 08:16

Навальныйдың бауырына айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram/navalny_inmate Фото: Instagram/navalny_inmate

Ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың ағасы Олег Навальныйға айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың ағасы Олег Навальныйға айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қорғаушы Никос Параскев Twitter желісінде хабарлады. Қазір Олег Навальный үй қамауында.

"Бүгін Олег Навальныйға Мәскеудің Мещанский ауданындағы Ресей ІІМ бөлімшесінде РФ Қылмыстық кодексінің 4-бабының 33-бөлігі, 1-бабының 236-бөлігі бойынша айып тағылды", - деп жазды қорғаушы.

Осы іс бойынша оппозиционердің тағы бірнеше серіктесі үй қамауына алынды. Тағы бір азаматқа сот белгілі бір әрекеттерге тыйым салды.

Оларға 23 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау акциясы қарсаңында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзуға итермелеу туралы қылмыстық бап бойынша айып тағылды.

Еске салайық, 2 ақпанда Мәскеудің Симоновский аудандық соты ресейлік саясаткер Алексей Навальныйға "Ив Роше" ісі бойынша шартты мерзімді колонияға ауыстыру туралы шешім қабылдаған ді. Алексей Навальный 3,5 жылға сотталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети