16 қыркүйек 2015 17:42

Назарбаев дағдарыс жөнінде: Құлдырауды басымыздан бірінші рет өткеріп тұрған жоқпыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айдана Үсіпова © Айдана Үсіпова

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сочиден.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сочиден.

"Біздің өңіраралық кездесуіміздің маңызы зор, әсіресе қазір, біз экономикада турбулентті болып тұрған сәтте. Бағаның күрт төмендеуі, әрине, ол экспорт бағасының түсуімен, сауданың құлдырауымен және екі ел валютасының тұрақсыздығымен түсіндіріледі. Бірақ мен біздің үкіметтер көп істі атқарды деп есептеймін, олар қазіргі мәселелерді шешіп жатыр және бүгін мәселелердің кейбірін талқылауға мүмкіндік бар. Бәрі дұрыс", - деді Назарбаев.

"Егер біреулер Еуразиялық одақ шөгіп қалды десе, ол жаман болғандықтан отырып қалған жоқ, жағдай солай. Экономикада мұндай үрдіс болады, дағдарысты, құлдырауды және қайта көтерілуді бірінші рет басымыздан кешіріп жатқан жоқпыз. Бұған байсалды түрде көзқарас таныту керек және сауданы ұлғайту үшін жаңа тетіктерді табу қажет", - деді Назарбаев.

"Біз биыл ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сөйлесу үшін жиналдық. Біздің көптеген қазақстандық достарымыз үшін Олимпиадаға бұл жерде ненің істелгенін көру қызықты болады деп үміттенемін. Бүгінгі таңда мұның барлығын біздің қалай қолданатынымыздың өзі маңызды. Қазақстан азаматтары Сочиден жасалған репортаждарды көріп, біздің оңтүстіктегі шипажайымызға, теңіз жағалауындағы және таулардағы кластерлерге қызығушылық танытады деп үміттенеміз. Қош келдіңіздер", - деді өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин.

Айта кетейік, бүгін Сочиде Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форумның негізгі тақырыбы - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қатысушылар арасында негізгі министрліктер мен ведомстволардың, Қазақстан облыстары мен Ресей субектілерінің басшылары және ірі бизнес өкілдері бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети