07 тамыз 2018 17:10

Назарбаев Жээнбековпен және Пашинянмен сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков пен Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның президенттері екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және перспективасын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесін де қарастырды. Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.

Сондай-ақ, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен сөйлесу барысында  екі жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланғаны айтылады. Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети