07 наурыз 2018 11:46

Назарбаев Путинге көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Сирияда Ресейдің жүк тасымалдайтын Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, кеше Сирияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырап, 32 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Ведомстводағылар ұшаққа оқ атылмағанын айтады. Апаттың неден болғанын анықтау үшін комиссия құрылған. Алдын ала болжам бойынша, ұшақта ақау щыққан, соның салдарынан әуе апатына ұшыраған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети