04 тамыз 2018 13:44

Назарбаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Мемлекет басшысы Краснояр өлкесінде Ми-8 жолаушылар тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін, 4 тамызда Ресейдің Краснояр өңірінде Ми-8 тікұшағы басқа бір Ми-8 тікұшағына тиеліп ілінген жүкпен соқтығысып, құлады. "Utair компаниясының Ми-8 тікұшағы Ванкор-Харкасале бағытында ұшып бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша әуе апаты жергілікті уақыт бойынша шамамен 10:00-де Ванкор кен орнында болған. Тергеу комитеті әуе кемесінің бортында 15 вахталық жұмысшы жолаушылар және үш экипаж мүшесі болғанын және барлығы да қайтыс болғанын мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети