Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік комиссия Ту-154 ұшағының не себепті апатқа ұшырағанын анықтайтынына сенімді және қаза болған адамдардың туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік комиссия Ту-154 ұшағының не себепті апатқа ұшырағанын анықтайтынына сенімді және қаза болған адамдардың туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Мен тағы да, Владимир Владимировичке айттым, өз атымнан және Қазақстанның атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына және Ресей халқына қайғырып көңіл айтамын", - деді ол журналистерге.
"Менің ойымша, мемлекеттік комиссия Ту-154 ұшағының не себепті апатқа ұшырағанын анықтайды және біз оның себебін білетін боламыз, бірақ адамдарды қайтып алып келе алмаймыз", - деді Қазақстан Президенті.
"Біз барлығына айтамыз: Ресей билігіне де, жақындары мен туыстарына да, біз әрдайым бұл қайғыда сіздермен біргеміз", - деді Назарбаев.
Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.
РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте.