13 шілде 2016 18:25

Непалда үш партия үкіметке қарсы сенімсіздік вотумын жариялауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Астапкович. © РИА Новости Владимир Астапкович. © РИА Новости

Непал парламентінің отырысында үш партия үкіметке қарсы сенімсіздік вотумын жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Непал конгресі оппозициялық партиясының өкілі Рам Кришна Ядав мәлімдеді.


Непал парламентінің отырысында үш партия үкіметке қарсы сенімсіздік вотумын жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Непал конгресі оппозициялық партиясының өкілі Рам Кришна Ядав мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл бастаманы ҰП-ның 256 депутатының 183-і қолдаған. Непалдың Коммунистік партиясынан 70 депутат және бірлескен коммунистік партиядан 3 депутат қолдады. Конституцияға сәйкес, сенімсіздік вотумын бастау үшін парламенттің төрттен бірі қолдау табуы қажет болатын. Алайда, дауыс беру қашан жарияланатыны туралы хабарланбаған.

Сонымен қатар, маолықтар өткен жылдың қазан айында Непалдың Коммунистік партиясынан шыққан қазіргі премьер-министр Кхадага Прасада Олиді қолдаған болатын. Енді олар коалициядан шығатынын мәлімдеді. Оның себебі ретінде: коалиция келісімін орындамау, өткен жылы болған күшті зілзаланың салдарынан мемлекетті қайта қалпына келтіру мәселесін шешуде салғырттық таныту деп айтып отыр.

Айта кетейік, келесі үкіметті маолықтар өз арасынан құруды ойластырады. Олар бұл үшін Непал конгресі партиясының көмегіне жүгінбек. Ертеректе айтылғандай, маолықтардың өкілі Кришна Бахадур Махараның айтуынша, партиялар ауызша келіскен. Осы екі партия жалпы сайлауға дейін алдағы бір жарым жыл бойы үкіметті басқарады. Ал келесі премьер болып маолықтардың лидері Пушпа Камал Дахал болмақ. 9 ай өткен соң оны Непал конгресінің өкілі ауыстыратын болады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети