27 сәуір 2015 | 19:24

Непалдағы жер сілкінісі 4,1 мың адамның өмірін жалмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Непалдағы жер сілкінісі 4138 адамның өмірін жалмады, - деп хабарлайды РИА Новости. Жаңарған мұндай мәліметті елдің Ішкі істер министрлігі жария етті. Бұған дейін 3,7 мың адамның қаза болғаны хабарланған еді.  


Иконка комментария блок соц сети

Непалдағы жер сілкінісі 4138 адамның өмірін жалмады, - деп хабарлайды РИА Новости. Жаңарған мұндай мәліметті елдің Ішкі істер министрлігі жария етті. Бұған дейін 3,7 мың адамның қаза болғаны хабарланған еді.  

Қазіргі уақытта апат салдарын жою және жоғалғандарды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың ішінде төрт қазақстандық бар. Қазақстанның азаматшасы Елена Шерпа бүгін байланысқа шықты. Ол гид болып жұмыс істеп жүріп, оқиға кезінде Ресей азаматтарын тауға апара жатқан. Осыған дейін ҚР СІМ Қазақстанның тағы 11 азаматымен байланыс орнатқан болатын. Қазақстан азаматтарына Ресей федерациясының Катмандудағы мәдениет орталығына баруы кеңес етілді, онда эвакуация бойынша сәйкес штаб құрылды. ҚР азаматтары Үндістанға келгеннен кейін, оларға Нью-Делиде ҚР елшілігі көмек көрсетеді және оларды Нью-Делиден Алматыға жеткізуге қолғабыс етеді.  

Еске сала кетейік, Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 3218 адамға жеткені хабарланды. Еске салайық, 25 сәуірде Непал территориясында магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісі болды. Алапат зілзала жүздеген үй мен құрылысты бұзды. Сонымен қатар, Непалдағы тарихи жәдігер саналатын нысандаржы бүлдірді, 183 жыл бұрын салынған Джарахара ғимаратын бұзылды.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл зілзала Непалда 80 жылдан бері болған ең ірі жер сілкінісі. Жер асты дүмпулері Үндістанда, Бангладеште және Тибетте сезілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети