Ниццада теракт жасаған жүк көлігі жүргізушісінің кім екендігі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ниццада теракт жасаған жүк көлігі жүргізушісінің кім екендігі анықталды REUTERS/Eric Gaillard©

Ниццада адамдар тобын қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісінің аты-жөні анықталды. Ол Тунис тумасы, 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ниццада адамдар тобын қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісінің аты-жөні анықталды. Ол Тунис тумасы, 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап. 

Өз кезегінде iTele телеарнасы жүргізушіні құқық қорғау органдары білгенін, бірақ оның ұсақ құқықбұзушылық жасағанын, ал лаңкестермен байланысы анықтамалмағанын хабарлап отыр.

Айта кетейік, Ниццадағы терактіден қаза тапқандардың саны 80-ге жетті. 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылады. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. Кейін ҚР СІМ өкілдері теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түспегенін хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети