23 қараша 2014 22:45

Нидерланды малайзиялық лайнердің апаты жайлы шындықты жасырып отыр - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нидерланды бұқаралық ақпарат құралдарының сұранысына қарамастан Украинада апат болған малайзиялық Boeing-777 лайнерінің тергеу қорытындысын жасырып отыр. Бұл туралы World Socialist Web Site (WSWS) ақпараттық порталы хабарлады, - деп жазады ИноТВ


Нидерланды бұқаралық ақпарат құралдарының сұранысына қарамастан Украинада апат болған малайзиялық Boeing-777 лайнерінің тергеу қорытындысын жасырып отыр. Бұл туралы World Socialist Web Site (WSWS) ақпараттық порталы хабарлады, - деп жазады ИноТВ

WSWS мәліметінше, 19 қарашада Нидерланды үкіметі мемлекеттік құпия деп, елдің жетекші Elsevier ақпараттық басылымының малайзиялық ұшақ апаты тергеуін бақылау бойынша құпия шартқа байланысты сұранысына жауап беруден бас тартты.  

Басылым бұл қасіреттің халықаралық тергеуі нағыз жалған екенін жазады. "Апат болғаннан кейінгі төрт айда тергеушілер ақпараттың көп екеніне қарамастан, оның себебін анықтай алмады", - делінген мақалада.

WSWS тілшісінің пікірінше, бұл - әділ тергеу емес, қайта Киев режимінің және оның Вашингтондағы, Берлиндегі және НАТО-ның басқа да елдеріндегі жақтастары бақылайтын қылмысты жасыру. 

WSWS 29 тамызда Нидерланды БАҚ-тары 7 тамызда апатты тергеу жөніндегі біріккен комитетке кіретін елдер (Нидерланды, Австралия, Бельгия және Украина) пактқа қол қойғанын хабарлағанын ескертті. NOS атты Нидерланды радиостанциясының мәліметінше, "келісімшарттың бір бөлігі қол қоюшылардың олар ұсынатын ақпаратты бақылайтыны туралы болды. Сондықтан олар өз мәліметін ашуға тыйым салуы мүмкін". 

19 қарашада Марка Рютте үкіметі Нидерландының өзге елдермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасына келетін нұқсанның мәліметті ашудағы мүмкіндігі жоғары екеніне негізделіп, Elsevier басылымының сауалына жауап беруден бас тартты. WSWS тілшісі былай жазады: "Мұнда бір сұрақ пайда туады: Украина, Австралия, Нидерланды және Бельгия үкіметтері нені жасырғысы келеді?".

Тергеу жөніндегі комитеттің басшысы Фред Вестербеке қазан айының соңында соңында Spiegel Online басылымына берген сұхбатында комитеттің осы іске қатысты "бұлтартпайтын дәлелі" жоқ екенін хабарлады. Вестербекенің айтуынша, тергеу басталғаннан кейін бірнеше ай өткенде америкалық және неміс тыңшылары спутниктен түсірілген суреттерді әлі тапсырмағанын айтты. Бұл суреттер олардың ұшақтың апатқа ұшырауына Ресейдің қатысы бар екені жайлы арызын растайтын еді. 

WSWS тілшісі бұған екі түрлі себепті ұсынады. Не мұндай сурет жоқ және НАТО-ның ұшақты ресейлік сепаратистер атып түсірді делінген арызы өтірік боп шығад, не оларда Ресей әскері бейнеленген суреттер бар, бірақ оны тергеуге беруден бас тартып отыр, себебі сол суретте Батыстың әскері де бейнеленген болып шығуынан болуы мүмкін. Мақала авторының пікірінше, қандай жағдай болмасын, альянс елдерінің үкіметі тергеуге елемеушілік байқалады.  

Еске сала кетейік, Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алған Boeing 777 жолаушылар ұшағы 17 шілде күні Донецк облысында апатқа ұшыраған еді. Оның бортында 298 адам болған, олардың ешқайсысы аман қалған жоқ. Нидерланды Қауіпсіздік кеңесі апат туралы есепті 2015 жылы жазда жариялауға уәде беріп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети