20 мамыр 2020 09:22

Нидерландыда қаракүзеннен адамға COVID-19 жұғу дерегі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Нидерландыдағы аң фермасында қаракүзеннен коронавирус таралу жағдайы тіркелді. Бұл туралы елдің ауыл шаруашылық министрлігі үкіметке жолдаған хатында айтылған, - деп хабарлайды Reuters.


Нидерландыдағы аң фермасында қаракүзеннен коронавирус таралу жағдайы тіркелді. Бұл туралы елдің ауыл шаруашылық министрлігі үкіметке жолдаған хатында айтылған, - деп хабарлайды Reuters.

Сәуірде COVID-19 Нидерландыдағы фермаларда екі қаракүзеннен анықталған. Жануарлардың тыныс алу жолдары және ас қорыту жүйесі нашарлағаннан кейін тесттен өткізген. Жергілікті бірден фермаларды жапқан. Бірақ вирустың жануарлардан берілметінін айтқан. 

Енді голланд министрі Карола Схаутен бұған дейін COVID-19 жануардан адамға тарауы мүмкін емес деген пікір қате екенін мойындаған. 

Жалпы коронавирус ауа-тамшы жолдары арқылы, яғни, науқастың тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылар арқылы, мысалы, жөтелгенде, түшкіргенде тарайтыны белгілі.   

Бұған дейін коронавирус бірнеше ит пен мысықтан, сондай-ақ вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған жолбарыстан анықталған. Алайда бұл жануарлар вирус тасымалдауы мүмкін деген нақты дәлел жоқ екен.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети